Меню сайта
Наш опрос
Хабарландыру
Социальные сети
Music
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Информационная стр
Поиск
Организации входящие в состав КДМ
Онлайн переводчик
Видео
Друзья сайта
Календарь
ПЕРЕХОДЫ
Главная » 2012 Январь 29 » Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау
00:41 Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау | |
Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау - жа¬ңар¬ған Үкімет құрамы мен бар¬лық деңгейдегі әкімдер қызме¬ті¬нің басты мәселесі - Мемлекет басшысы АСТАНА. 28 қаңтар - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Үкімет мүшелері, әкімдер, орталық мемлекеттік органдар, «Нұр Отан» ХДП және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ басшылары қатысқан кеңейтілген отырыс болып өтті. Кеңейтілген мәжілісте сөй¬ле¬ген сөзінде Президент Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Үкіметтің алдына бірқатар нақты міндеттер қойылғандығын атады. Онда әлеуметтік мәселелерге негізгі басымдық берілген. Экономиканы тұтас дамыт¬пай¬ынша, әлеуметтік жаңғыру мүм¬кін емес. Жолдауда белгіленген міндеттерді орындау - жа¬ңар¬ған Үкімет құрамы мен бар¬лық деңгейдегі әкімдер қызме¬ті¬нің басты мәселесі, деді өз сө¬зін¬де Мемлекет басшысы. Үкіметке бірінші Вице-премьер С.Ахметов, бір жаңа вице-премьер та¬ғай¬ындалды. Жаңа Мәдениет және ақпарат министрлігі өмірге келді. Алты министрлік пен агент¬тікті жаңа басшылар басқаратын болды. Төрт облысқа жаңа әкім тағайындалды. Бірқатар жаңа басшылар өңірлерден әкелінді, бұл өз кезегінде орталық және жергілікті билік органдарының өзара іс-қимылын айтарлықтай жақсартады. Одан әрі Елбасы дағдарыстың екінші толқыны жақындап келе жатқанын айта келіп, Үкіметке тиісті шараларды белгілеп, әлем¬дегі жағдайға мониторинг жасай отырып, жан-жақты дайындық жұмыстарын жүргізу керектігін атап көрсетті. Бұрнағы жылдары Үкімет дағдарыстық ахуалдарды ойдағыдай шешті, алдағы уақытта да осындай тиімді жұмыстарды жалғастыру керек, деді Елбасы. Бүгін мен сіздердің назар¬ла¬ры¬ңызды нақты тапсырмаларға аударғым келеді. Тек жетістіктерді ғана емес, сонымен бірге, проблемаларды да айту керек. Бірінші - дағдарысқа қарсы тұру үшін макроэкономикалық ахуал¬ды және экономиканың дамуын сақтауды қамтамасыз ету керек. Ақша-несие саясатына келсек, сыртқы жағдайлар біздің сауда әріптестеріміздің валюталарын құн¬сыздандыруы мүмкін, деп жал¬ғады сөзін Президент. Ұлттық банк және Үкімет бұл жағдайды жан-жақты бақылап, біздің экс¬порт¬шыларымыздың өнімдері¬мен бәсекелестікке түсу үшін тең¬генің қалыпты жағдайын қам¬тамасыз етуі керек. Дағдарысқа қаржы саласын дайындау қажет. Келесі аптада маған Үкімет және Ұлттық банк жалпы банк жүйесі бойынша және нақты банктер бойынша қандай тиімді шаралар жасау қажеттігін баяндауы керек. Бюджетті оңтайландыру орайын¬да бюджеттік шығындарды тағы да електен өткізу керек. Қаржы министрлігі барлық бюд¬жеттік шығындарды жан-жақты сұ¬рып¬таудан өткізіп, экономика¬лық дамуды және тұрғындарды жұ¬мыспен қамтуды қамтамасыз етпейтін шығындарды анықтауы тиіс. Біріншіден, шығынды көп қажет ететін, алайда іс жүзінде ешқандай пайда бермейтін шара¬лар¬ды өткізу шығындарын қыс¬қар¬ту керек. Экономика сәл ғана жақсара бастап еді, әртүрлі мү¬ше¬лтойлар мен даңғаза конференциялар, халықаралық кеңестер қаптап кетті. Қазірдің өзінде министрліктер мен әкімдіктердің жоспарында осындай үш мыңнан астам шара белгіленген. Мұны тоқтату керек! Қазір ондай уақыт емес. Одан әрі Елбасы Қаржы министрлігіне дағдарысқа қарсы бағдарламаларды ескере отырып, барлық шығындарды тиімді пайдалану жөнінде тапсырма берді. Сонымен бірге, Мемлекет басшы¬сы салық әкімшілігі мәселесін жақсартуды тілге тиек етті. Тек 2010 жылы жиналмаған салық мөлшері 2009 жылмен салыс¬тырғанда екі есе өсті, ал 2011 жылы ол 224 миллиард теңгеге жетті, деді Президент. Өткен жылы жал¬ған кәсіпорындар саны 35 пайызға көбейіп, 1 мың¬нан асып жығылды (24.¬¬¬01.2012-дегі жағ-дай бойынша - 1081). Кейбір мем¬лекеттік органдар босаңсып кетті. Салық және кеден органдары өздерінің ақп¬а¬рат¬тық жү¬йесіндегі сараптамалық мәсе¬лелерді күшейтуге тиіс. Мемлекет басшысы мемле¬кеттік сатып алу жүйесін тағы да қайта қарау қажеттігін атап көр¬сетті. Бүгінде мемлекеттік органдар ешқандай конкурс жүр¬гізбей, өздеріне бағынысты кәсіпорын¬дар¬дан бірнеше есе қымбат бағаға тауарлар мен қыз¬мет түрлерін сатып алатын болды, деді Елбасы осы орайда. Егер мемлекеттік мекемелер сатып алатын тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасын тек 20 па¬йыз¬ға арзандатуды қам¬та¬ма-сыз ете алсақ, 500 миллиард теңгеге жуық қаржы үнем¬деуге болады. Сондықтан тауарлар мен қызмет түрлерінің бағасы жөнінде то¬лық ақпараттық жүйесі бар мем-лекеттік сатып алу жөнін¬дегі бір¬ыңғай оператор құру мәселе¬сін ойластыру керек. Бұл мәсе¬лелерді белгілеуді Вице-премьер К.Ке¬лім¬бетовке, Қаржы, сондай-ақ Эко¬номикалық даму және сауда министрліктерінің басшылары Б.Жәмішев пен Б.Сағын¬таев¬қа тапсырамын, деді Президент. Одан әрі Мемлекет басшысы инфляция және тариф мәселе¬ле¬рін тілге тиек етті. Бұл орайда азық-түлік бағаларының және тариф¬тердің негізсіз қымбатта¬уы¬на жол бермеу - Үкіметтің, Ұлттық банк¬тің және әкімдердің басты міндеті екендігін атап көрсетті. Сондай-ақ ол инвестиция тарту мәселесінің маңызды¬лығына тоқтала келіп, Үкіметке бірінші жартыжылдықта Инвестиция тарту бойынша ұлт¬тық іс-қимыл жоспарын жасауды тапсырды. Кейбір жекелеген мысалдар болмаса, әкімдер өңірлерге инвес¬тиция тарту мәселесімен айна¬лыс¬пайды, деді Президент. Қарବған¬ды облысында ауыл шаруашы¬лы-ғының сұранысы үшін ұшақтар шығару жұмысы басталды, Жамбыл және Павлодар облыстарында өндіріс дамуда. Тек салаларда немесе өңірлерде кезекті индустрия¬лық жобаны пайдалануға беруді ғана қанағат тұту жауапсыздық болып табылады. Жаңа кәсіпорын өзінен өзі дамымайды. Нақты фактілерді алайықшы. Менің тапсырмам бойынша «Миттал-Стилл» өзі¬нің өндірісін әртарап¬тандырды және 2010 жылы Қазақстанның батысында құбыр зауытын іске қосты. Оның өнім¬дерін халық¬аралық рынок жаппай алып жатыр, алайда біздің ұлттық компанияларымыз оны сатып алмайды. Бұл салада Ө.Шөкеев тәртіп орнатуы керек. Осы ретте Мемлекет басшысы «Қармет» комбинаты салған сортты прокат зауытының, енді ғана салынып жатқан рельс зауы¬ты¬ның, Ақмола облысын¬дағы «КамАЗ-инжиниринг» кө¬лік құ¬рас¬тыру зауытының шы¬ғарған өнім¬дерін еліміздің ұлт-тық компаниялары мен мем¬ле¬кеттік секторлары сатып алулары тиіс екендігін атап көрсетті. Жұмысты ынталандыру үшін, жаңа жұмыс орындарын құру үшін өзіміздің мәши-нелерімізді сатып алуымыз керек. Шығыс Қазақстанда жеңіл автокөліктер шығарылады. Ал біздің шенеу¬ніктер шетелдік маркадағы мәши¬нелерді сатып алады. Олар неге біздің мәшинелермен жүрмейді? Егер бірінші кезекте өзіміз пайдаланбайтын болсақ, неге біз индустрияны дамытып жатырмыз. Қостанай зауыты УАЗ автокөлігін шығарады. Ауыл шаруашылы¬ғының барлық құрылымдары осы көліктерді сатып алуы керек, деді Елбасы. Мемлекет басшысы Жамбыл облысында ферроқорытпа және химиялық өнімдер өндірісін үш есе арттыру мүмкіндігі бар екен¬дігін айта келіп, облыс әкімінің осы мәселе бойынша жұмыс істеуін міндеттеді. Одан әрі Елбасы өңірлерді дамытудың болжам¬дық кестесінде өндірістердің бірін бірі қайталауына жол берілмеуін тапсырды. Барлық облыста бірдей цемент зауытын салудың қанша қажеттігі бар. Бұл мәселелерді шағын қалаларды дамыту жөнін¬дегі бағдарламаларда ерекше ескеру қажет. 2011 жылы жеңіл өнеркәсіп және фармацевтика салаларын дамытуда болмашы ғана өсім бай¬қалды. Фармацевтика біршама дамып жатса, біз жеңіл өнеркәсіпті индустрия ретінде мүлде ұмыт¬тық, деді Мемлекет басшысы. Қаржы салдық, ЕЭА құрдық, зауыттар салдық, ал басқа жерлерде бұл неге дамымайды? Тері өңдел¬мейді, жүн өңделмейді. Үкіметтегі біреудің неге бұлай екендігі туралы нақты сараптамасы бар ма? Экономикалық даму және сауда министрлігі бұл мәселені шешеді деп сенемін. Өз сөзінде Мемлекет басшысы Индустрияландыру картасына жан-жақты тоқталды. Индустрияландыру картасындағы барлық іске қосылған жобалардың 60 пайызына жуығы аграрлық кешеннің және құрылыс индустриясының үлесіне тиеді. Міне, біздің «дау¬рықпа» баяндама¬ларымыздың сал¬дары, деді Елбасы. 31 ірі жо¬баның ішінде тек қана 5 жоба дайын өнім шығару өндірісімен байланысты. Ал бұл -Индустрияландыру картасы бойынша жалпы инвестиция көлемінің 90 пайызы. 11 жоба төменгі деңгейдегі өнім шығарады деп күтілуде. Жіберген олқылықтар бетке ұрып тұр. Іске асырылып жатқан 220 жоба бойынша инвестицияның 80 пайызы мұнай-газ және тау-металлургия саласына, инфрақұрылымға ба¬ғыт¬¬талуда. Премьер-Министр К.¬Мәсімов¬ке, бірінші Вице-премьер С.Ахметовке, Индустрия және жаңа технология министрлігіне және «Са¬мұрық-Қазына» АҚ-қа жан-жақты сараптама жүргізуді және бұл жобалардың әрқайсысының қазақ¬стандық экономиканы әртарап-тандыруға қаншалықты сәйкес келетіндігі жөнінде нақты көрі¬ністі анықтауды тапсырамын, деді Президент. Мемлекет басшысы Біртұтас экономикалық кеңістікті құру және алдағы уақытта БСҰ-ға кіру мәселесі еліміздің экономикалық даму үдерісіне күшті ықпал ете¬тіндігін әрбір басшының түсінуі қажеттігін ескертті. Біріншіден, деді Елбасы, қазақстандық үлесті дамыту жөніндегі жұмыстың маңыздылығын бірнеше есе арттыру керек. Бұл ретте бәсекеге қабілетті өнім шығаратын өн¬діріс¬терге басымдық берілуі қажет. Екіншіден, индустриялық-иннова¬циялық дамудағы өңірлер¬дің рөлін арттыру керек. Бәсе¬келестік күресінде негізгі салмақ өңірлерге түседі. Бұл орайда бірігу керек. Мүмкін Шығыс Қазақстан облысы Павлодар облысымен бірлесе отырып, Омбы облысымен бәсе¬келесуі керек шығар. Басқа облыс¬тар да осылай жасауы керек. Өзара бәсеке-лестікке түспей, көрші өңірлер¬мен бәсекелесу керек. Мен бұл туралы әкімдерге бірнеше рет айттым. Сондықтан индустрияландыру да, әртарап¬тандыру да алдағы уақытта облыстарға ауыстырылатын болады. Оған облыс әкімдері дайын ба? Міне, әрбір облыстың әкімі өзіне осы сұрақты қоюы керек. Индустрияландыру, инвестиция мәсе¬ле¬ле¬рімен әкімнің арнайы бір орынбасары айналысуы қажет деп есептеймін. Ол ағылшын тілін меңгерген және бұл мәселелерді жетік білетін «Болашақ» бағдар¬ламасы түлектерінің қатарынан, Индустрия министрлігі тарапынан жіберілуі керек. Ол Эко¬номикалық даму және сауда, Индустрия және жаңа технологиялар министрліктерімен тығыз байланыста жұмыс істейтін болады. Президент Әкімшілігіне бір ай мерзім ішінде осы мәселе бойынша ұсыныс енгізуді тапсырамын. Осыған байланысты Президент барлық өңірлердің әкім¬деріне мынадай міндеттер жүк-теді: Біріншіден, өңірлік дамудың және бәсекелестіктің басымдық¬тарын анықтау керек. Екіншіден, жергілікті жобаларды әлеуметтік бағдарламаларға және Үкіметтің басқа да бағдарламаларына толық байланыстылығын қамтамасыз ету қажет. Үшіншіден, Үкіметпен бірлесе отырып, ішкі ұлттық бағытта, сонымен бірге, БЭК шеңберінде де өңіраралық кооперацияны күшейту жөніндегі шараларды белгілеу керек. Бұл мәселені дайындауды Вице-премьер К.Келімбетовке, Экономи¬калық даму және сауда министрі Б.Сағынтаевқа және Ұлттық банк басшысы Г.Марченкоға тапсырамын. Енді дағдарысқа қарсы бірінші кезектегі шаралар туралы. Әкім¬діктерді, сонымен бірге, ұлттық компанияларды қоса алғандағы әрбір мемлекеттік орган әртүрлі дағдарыстық сценарийлерге бір¬¬ден көңіл аудару шараларын белгілеуі керек. Егер ахуал нашарлап кететін болса, сыртқы фактор¬ларға сілтеме жасап, ақталудың қабылданбайтындығын ескерте¬мін. Әрбір облыстың Үкіметпен бірлесе отырып, алдын ала келі¬сілген жоспары болуы тиіс. Кеңейтілген отырыста сөйле¬ген сөзінде Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы мәселесіне де жан-жақты тоқталды. Көк¬темгі дала жұмыстарына жан-жақты дайындалу және оны ойдағыдай өткізу ерекше ма¬ңызды, деді Президент. Әкімдер егістікті әрта-раптан¬дыруды қам¬тамасыз етуі қажет. Көкөніс, май дақылдары, жем-азық және басқа дақыл¬дардың үлесін арттыру маңызды. Біз мал шаруа¬шылығын дамытуды қолға ал¬ған болсақ, онда бізде жем-азық дақылдары, майлы да¬қылдар, көкөніс өнімдерін өсіру де дамуы керек. Бұған қазірдің өзінде көңіл аудару керек. Біздің егіс алқап¬тарының мүмкіндік¬терін, олардың өнімділігін арттыру қажет. Бүкіл әлемде ауыл шаруа¬шылығы өндірісі оның өңдеу саласымен тығыз бірлікте жұмыс істейді. Қазақстанда мұндай құ¬рылым әлі қалыптаса қойған жоқ. Бұл - біздегі дәстүрлі, тарихи олқылық, деп сабақтады сөзін Президент. Соңғы үш жылда сүт және ет бағытындағы фермалар құрылы¬сына, бордақылау алаңдарын, құс фабрикаларын, жылыжай мен көкөніс сақтау қоймаларын салуға орасан зор қаржы жұмсалды. «Біз бірақ өзіміздің алдымызға қойған мақсатымызға жете алдық па?» деп күмәнді сұрақ қойған Елбасы Үкіметке, әкімдер мен «ҚазАгро» холдингіне оларды тиісті деңгейге жеткізуді және өнімдер шығаруын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Ауыл шаруашылығы министр¬лігіне ветеринарияны халықара¬лық стандартқа көшіру жөнінде тиісті шаралар қабылдау тап¬сырылған болатын. Мұнсыз сапалы ет экспорттау мүмкін емес. 2012 жылдың басында өткен жылға жоспарланған 126 ветери¬нариялық зертханалардың бар-жоғы 27-сі ғана салынған. Осыған орай Елбасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жұмысын сынға алып, бұл зертханаларды салу мен іске қосуды жеделдетуді тапсырды. Жерді өз мақсатына пайдалану жөнінде шаралар кешенін қабыл¬дау қажет. Өйткені, бұл кәсіп¬керлікті дамытудың елеулі қо¬сымша мүмкіндігін беретін болады. Елбасы осыған байланысты әкімдер тұрғын үй салуға немесе ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге жер телімдерін бөл¬генімен, оларды кімдер алып жат¬қандығын, жер телімдерінің қан¬дай қағидатпен бөлініп жат¬қандығын қадағаламайтындығын, сондықтан жердің дұрыс пайда¬ланылмайтындығын атап көр¬сетті. Бүгінгі күні Қазақстанда 7 миллион гектарға жуық ауыл шаруашылығы жері іске қосылмай отыр. Мұның жартысынан астамы Ақмола, Павлодар және Қостанай облыстарының үлесінде. Осыған орай Жер ресурстарын басқару агенттігінің жаңа басшылығына Ауыл шаруашылығы министрлі¬гімен және облыс әкімдерімен бірлесе отырып, аталған мәселені шешу жөнінде тапсырма берді. «Жер халықтың - негізгі бай¬лығы. Сондықтан оған қатысты мәселелерді шешу қажет», деді Президент. Тұрғын үй-коммуналдық ша¬р¬уବшылық саласында да кем¬шіліктер бар. Жылыту маусымын проблемасыз жүргізу жағ¬дайына әлі күнге жете алмай келеміз. Әйтпесе биылғы қыста Өске¬менде, Көкшетау мен Семейде проблема болмаған болар еді. Тұрғын үй-коммуналдық шаруа¬шылығын жаңғырту бағ¬дарла¬масын жүзеге асыру ісіне де халықтан көптеген шағымдар түсіп жатады. Мұнда мемле¬кеттік органдардың жауапкер¬шілігі дұ¬рыс айқындалмаған. Пәтер иесі тұрғын үйді басқару үдерісіне нақты қатысып, бұл бағдар¬ламаның тиімділігін нақ¬ты сезінуі тиіс. Тұрғын үй құрылысы бағдар¬ламасы бойынша былтырғы жылы 138 мың шаршы метр жалдық тұрғын үй тұрғызу белгіленген болатын. Оның тек 100 мың шаршы метрі ғана пайдалануға бе¬рілді. Мұның алдындағы тұрғын үй бағдарламасында белгіленген нысандардың барлығы әлі салынып болған жоқ. Ал енді жаңа бағдарламаны жариялап отырмыз. Егер бұлай жұмыс істейтін болсақ, онда ақшаны не үшін бөліп отырмыз? деп сұрады Елбасы. Мемлекет басшысы дағдарыс¬пен күрес бағдарламасын жүзеге асырған кезде барлық әкімдердің жақсы жұмыс істегендігін, «Жол картасының» бүкіл Қазақстан бойынша қанат жайғандығын атап көрсетті. Ал қазір осы жұмыс бәсеңсіп қалды. Үлестік құрылыс¬тың да бірқатар нысандары қаржы бөлінгенмен, әлі күнге аяқталмай отырғандығын, бөлінген жер телім¬дерінің игерілмей келе жат¬қандығын, жер телімдерін бөлу жөніндегі қолданыстағы ереже тұрғын үй салушылардың қаржы мүмкіндігін ескермейтіндігін айт¬қан Елбасы мұндай жағдайда ол жерлерді қайтадан алып, құрылыс жүргізе алатындарға тапсырылуы керектігін ескертті. Жер телімдері тиісті коммуни¬кациялық жүйелер жүргізілгеннен кейін ғана бөлінуі керек. Бұл мәселені жергілікті жерде тек әкімдер ғана дұрыс қадағалай алады. Астанадан бәрін көріп отыру мүмкін емес. Осыған орай Үкі¬метке әкімдермен бірлесе отырып, мәселені шешу жолдарын ай¬қындап, заңға өзгерту енгізуге дейін тиісті ұсыныс әзірлеу жөнінде тапсырма берілді. Қалдықтарды өңдеп кәдеге жарату, қалдықтарды бөлектеп жинау жүйесін енгізу мәселесі де аса маңызды. Алматыда қалдық өңдеу зауыты салынған болатын. Ол қазір бір ғана себеппен, атап айтқанда, қалдықтарды бөлектеп жинау жүйесі іске қосылмаған-дықтан жұмыс істемей тұр. Егер шыны, картон, пластмасса бөлек¬теп жинақталатын болса, зауыт оны өзі-ақ алып өңдер еді. Алматыда тағам қалдықтары 30-40 пайызды құрайды. Шет елдерде олардан метан өндіріп, оны әртүрлі қажеттіліктерге пайдаланады. Біз де осылай жұмыс істеп үйренуіміз керек, деді Президент. Қалдықтарды сұрыптау жұмы¬сына әлеуметтік аз қамтыл¬ған және жұмыссыз адамдарды тартып, олардың қаржы табуына жәрдемдесудің мүмкіндігі бар. Мәселен, елімізде осы уақытқа дейін жинақталып қалған өнер¬кәсіптік және тұрмыстық қалдық¬тар әрбір тұрғынға шаққанда 1,4 мың тоннадан айналады екен. Бұл мәселені шешу қажет, деп ескертті Елбасы. Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Серік Ахметовке тұрғын үй-коммуналдық шаруа¬шы¬лық сала¬сындағы барлық мә¬селелерді ше¬шуді жеке бақы¬лауына алуды тапсырды. Төтенше жағдайлар минис¬трлігі мен әкімдерге қардың көктемгі еруі мен тасқын қаупінің алдын алуды, тұрғын үйлерді, бөгендерді және басқа да гидротехникалық қон¬дыр¬ғыларды бекіту жұмыстарын жүргізуді жүктеді. Сондай-ақ Елбасы экономика¬ның дамуы монополиялық саясат арқылы да шектеліп келе жат¬қандығын, оны реттейтін агент¬тіктің барлық жұмысы өңірлердегі монополистер үшін тарифтің өсуін кезекті бекітуге ғана жұ¬мыл¬дырылып келгендігін, тұ¬ты¬ну¬шылар құқығын қорғау жұ¬мысының аяқсыз қалғандығын айта келе, аталған агенттіктің жаңа төрағасына тарифтік саясатты қалыптастыруды ашық жағ¬дайда жүргізу жөнінде шара қолдануды тапсырды. Жолдауда әлеуметтік сала бойынша барлық маңызды мәселелер қамтылған. Бірақ Үкімет шешуге тиіс жүйелік проблемалар әлі де бар, деді Мемлекет басшысы. Біріншіден, денсаулық сақтау нысандарын салу мәселесін айқын¬дай түсу керек. Осының алдын¬дағы жылдардағы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасында белгіленген 103 денсаулық сақтау нысанының тек 58-і ғана салынды. 2011 жылғы Жолдауда қосым¬ша 350 аурухана мен емхана салу жөнінде тапсырма берілді. Алайда, олардың 7 нысаны бойынша ғана шығындар қолдауға ие болды. Неліктен бұлай болып отыр? Елбасы осыған орай Премьер-Министрдің жеке өзіне аталған жайдың анық-қанығына жетуді тапсырды. Халықты дәрі-дәрмекпен, әсі¬ресе, күрделі ауруларға қажетті дәрі-дәрмектермен қамту ісінде де кемшіліктер бар. Мәселен, В және С гепатитімен ауыратын¬дарға, онко-логиялық науқастарға қажет¬ті дәрілерді жеткізу жөнін¬дегі келісім-шарттар көп кешік-тіріліп жасалды. Қаржы уақы¬тында бөлінгенімен, оларды дер кезінде ала алмадық, деген Президент мұнан кейін Жұмыспен қам¬ту-2020 бағдарламасы кадр¬лар¬ға деген нақты бір сұранысты толық ескермей жүргізіліп жат¬қандығын айтты. Бұл ретте Білім және ғылым минис¬трлігі қандай кадрларға тапшы¬лық барлығын анықтап, осыған сәйкес мамандар дайындау жө¬нінде оқу орындарына тиісті тапсырыстар беруі қажет. Өйткені, жұмыс орындары гас¬тарбай¬терлерді қамтама¬сыз ету үшін емес, қазақстан¬дықтар үшін ашылып отыр. Үкімет көші-қон заң¬дарына атал¬ған жағ¬дайларды ескере отырып, тиісті өзгерістер енгізуі тиіс. Халық¬тың бүкіл ел көлемінде тиімді орналасуын ынталандыру жүйе¬сін енгізу, «Нұр¬лы көш» бағ¬дарламасын түбірінен қайта қарастыру қажет. Елбасы бұл мәселелердің шешім табуын Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевқа жүктеді. Міндеттердің тағы бір тобы мемлекеттік басқарудың тиімді¬лігін арттыруға қатысты. Осы ретте Елбасы өзінің орталық дең¬гейде мемлекеттік басқаруды оң-тайландыру туралы тиісті Жарлық шығарғандығын, бізде әр жыл сайын мемлекеттік аппаратта қысқартулар жүретіндігін, бірақ мемлекеттік құрылымда істейтін¬дердің саны тездетіп қайта қалпына келіп қана қоймай, одан әрі өсе түсетіндігін сынға алды. Неге бұлай? Оның жауабы қара¬пайым. Бізде осы уақытқа дейін мемлекеттік қызметтің тізбесі болып көрген емес. Шешімдердің орындалуын бақылау тетігі қа¬лып¬таспаған. Бес жылда мемле¬кет¬тік кәсіпорындар саны 4,2 мыңнан 6 мыңға дейін, яғни 1,5 есе өскен. Қаржы министрлігі осыған ақша бөледі. Ал мемле¬кеттік қаржыны қалай үнемдеу жөнінде ұсыныс бермейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындарда жұ¬мыс істейтіндердің саны Қазақ¬стандағы мемлекеттік қызметкер¬лер санынан 6 есе көп. Бірақ, аталған кәсіпорындардың жартысынан астамы зиянмен жұмыс істеуде. Осыған орай Елбасы Үкіметке мемлекеттік кәсіпорын¬дар санын қысқартып, холдингтер мен ұлттық компаниялар құры¬лымын оңтайландырып, бұл мә¬селенің шешімін тапқандығын 1 сәуірге дейін өзіне хабарлауды жүктеді. Осы ретте Елбасы Үкіметке өзінің берген тапсырмаларын орындау одан әрі министрліктер мен ведомстволарға жүктелетін¬дігіне, осылайша бір тапсырмадан ондаған тапсырмалар ту¬ындай¬тын¬дығына назар аудартты. 2001 жылы 15 мың тап-сырманың 80 пайызын Үкімет пен Премьер-Министрдің Кеңсесі берген. Кеңсе басқару органына немесе көшірме жазбалар органына айналып кеткен. Бізде мемлекеттік жоспарлау¬дың жаңа жүйесі енгізілген. Нәти¬жесінде есеп беру құжат¬тарының саны 6 есе өскен. Қазір бүтіндей алғанда 30 мыңнан астам есеп талап етілуде, деді Мемлекет басшысы. Аталған жағ¬дайға орай Президент Әкім¬шілігіне осы мәселені тиянақты тексеріп, басы артық үдеріс¬тердің бәрін қыс¬қарту жөнінде тапсырма берді. Біріншіден, бұл ретте бәрін Үкімет Кеңсесіне жүктей бермей, Премьер-Министрдің орын¬басар¬ла¬рының жауапкершілігін, олар¬дың министрлермен және әкім¬дермен іс-қимыл әрекеттестігін арттыру керек. Екіншіден, Президент Әкімшілігі Үкіметпен бірлесе отырып жағдайға талдау жасап, мемлекеттік қызмет тізбесін қалыптастыруды 1 мамырға дейін іске асыратын болсын. Үшінші¬ден, 1 наурызға дейін министр¬ліктер, ведомстволар мен әкім¬діктер құрылымы туралы жаңа типтік ережені бекітіп, мұнан кейін екі айдың ішінде оларды оңтайландыру жұмыстарын жүр¬гізу қажет. Төртіншіден, 15 сә¬уірге дейін ұлттық холдингтерді, компаниялар мен мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру жөнінде ұсыныс әзірленетін болсын, деген Елбасы жаңа басқару технологияларын жеделдетіп әзір¬леуді Премьер-Министрдің орынбасары Ербол Орынбаевқа жүк¬теді. Үкіметке «Мемлекеттік қыз¬мет көрсету туралы» заң жобасын әзірлеуді жеделдетуді тапсырды. Мұнан әрі бизнеске әкімшілік кедергілерді қысқарту мәселе¬леріне тоқталды. Мұнда да еске¬ретін жәйттер бар. Осы уақытқа дейін әрекет етіп келген 1015 рұқсат беру құжаттарын 30 па¬йыз¬ға қысқарту жөнінде ұйға¬рым жасалғаннан кейін олардың 700-ге жуығы ғана қалу керек еді. Ал 2011 жылдың соңындағы тексеру барысында олардың саны 1137-ні құрап отырғаны анық¬талды. Осы жағдайды сынға алған Елбасы мұның өзі таң¬қалатын жәйт екен¬дігін атап көрсетті. Мемлекеттік аппаратты қысқарту үстіндеміз, ал шенеу¬ніктер саны артып келеді. Рұқсат беру үдерістерін азайтудамыз, ал олар өсе түсуде. Мұндай жағдайда Үкіметке көрсетілген сенім ұзаққа созылмауы да мүмкін. Осы мәселені Мемлекет басшысы қадап айтты. Мұнан әрі Елбасы алдағы кезең аса күрделі және жауапты екендігін еске салды. Мұны бар¬лығымыз білеміз. Бізге жинақ¬талу және жұмысты жаңа леппен бас¬тау керек. Менің әрбір тапсырмам үшін барлық министрлер мен өңір басшылары алдымда дербес жауап береді. Осы мәселені бақылауға алуды Президент Әкімшілігінің Басшысына тапсырамын. Сіз¬дер¬дің бар¬лық¬тары¬ңызға Парламент пен мен үлкен сенім көрсеттік. Осы сенімді ақ¬таңыздар, деді Елбасы сөзінің соңында. | |
|
Всего комментариев: 0 | |