Семей мемлекеттік педагогикалық институты
Жастар ісі жөніндегі комитеті

Жастар ісі жөніндегі комитет қызметтері
1. Жастар саясатын қолдап, жүзеге асырудың жолдарын қарастыру
2. Институтта, факультетте, топта білім беру мен тәрбие процессінің жүйелі түрде жүзеге асуын, студенттер ұжымында шығармашылықтың қалыптасуын
3. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру
4. Бағыт бойынша байқаулар мен сайыстар ұйымдастыру
5. Институттағы қоғамдық ұйымдардың жұмысын қадағалау, жастар мәселесінің уақытылы шешу
Жастар ісі жөніндегі комитетінің құрылымы
Малгаждаров Мирас - жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы қызметін атқарады. Алдымен комитетті басқарудағы барлық әрекеттерді жүзеге асырып, жұмысының атқарылуын қадағалайды. Комитет жиналыса дауыс беру арқылы үміткер таңдалып, әлеуметтік мәселелер және тәрбие ісі жөніндегі проректорымен төрайым бектіліп, бір жыл шамасында жұмыс атқарады.
Еркинбекова Альмира - жастар ісі жөніндегі комитеттің қоғамдық ұйымдар жұмысын қадағалау жөніндегі төрағаның І-ші орынбасары. Ұйым жұмыстарына бағыт бағдар беріп, институттағы жастар ұйымдары мен ұжымдар жұмысын бір арнаға салып, оларды ақпаратпен қамтамасыз етеді.
Абдрашева Гаухар - жастар ісі жөніндегі комитеттің төрағасының кіші декандар ісін басқару жөніндегі ІІ-ші орынбасары. Оның негізгі қызметіне кіші декандарға көмек беріп, олардың жоспарларының жүзеге асуын ұйымдастыру.
Парменова Ажар - жастар ісі жөніндегі комитеттің хатшысы. Комитет мүшелерін ақпаратпен қамтылуды қамтамасыз етеді.
Кіші декандар Жастар ісі жөніндегі комитетінің құрамдас бөлігі болып табылады.Кіші декандар институттағы әр факультет студенттерінің құқығының қорғалып , тәрбиелік іс – шаралардың атқарылуына үлес қосады.
Кіші декандардың негізгі қызметтері
· Кіші деканаттың жұмысына жауап беру;
· Жүйелі түрде есеп беру;
· Қоғамдық өмірге белсене араласып, студенттерді белсенділікке шақыру;
· Студенттерді институттың нормативті құжаттарымен жүйелі түрде таныстырып отыру;
Азильханова Алуа - Педагогика - психология факультетінің кіші деканы.
Иманғалиева Тоғжан - Физика математика факультетінің кіші деканы.
Камзанова Жайнар - Қазақ филология факультетінің кіші деканы.
Жаппар Асемгуль - Жаратылыстану факультетінің кіші деканы.
Аманғали Халисан - Тарих-филология факультетінің кіші деканы.
Институтта Республикалық деңгейде жұмыс атқаратын жастар қоғамдық бірлестіктердің өкілдіктері жұмыс атқарады
Смагулова Ардақ –жастар ісі жөніндегі комитеттің «Студенттік кәсіподақ ұйымының» төрайымы. Студенттердің қоғамдық-экономикалық құқықтарын қорғау мақсатында құрылған ерікті студенттер ұйымы. Ұйым құрамы төрайым орынбасарынан және әр факультет өкілдерінен тұрады.
Акабаева Мадина - жастар ісі жөніндегі комитеттің «Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының атқарушы хатшысы. Жас Отан-ның Негізгі мақсаты: мықты да, беделді көш бастайтын жастардың саяси ұйымын құру. Хатшының екі орынбасары, және ұйым мүшелерінен тұрады.
Кабдуллина Асем - жастар ісі жөніндегі комитеттің «Қазақстан студенттер Альянсы» көшбасшысы, студенттік омбуцмен. ҚСА негізгі мақсаттары студенттер мен жастардың құқықтарын қорғап, олардың қоғамдық-экономикалық мәселелерінің шешілуін қаматамасыз ететін бірден бір ұйым.
Садыкова Айдана – жастар ісі жөніндегі комитеттің «Жатақхана кеңесінің» төрайымы. Ұйымның құрылымында төрайымның орынбасары, әр қабаттың старосталары және хатшы бар.Негізгі мақсаттары студенттердің күнделікті өмірінде кездесетін кикілжіңдерін шешу, жатақханадағы тәртіптің сақталуын, қабаттағы заттарға ұқыпты қарап, санитарлық талапқа сай тазалықтың сақталуын кадағалау.
Нұрымханова Еңлік – жастар ісі жөніндегі комитеттің «Парасат» дебат клубының координаторы. «Парасат» дебат клубы студенттерді төзімділікке, көшбасшылық, ораторлық қабілетін шыңдауға баулитын ерікті қоғамдық ұйымдардың бірі. Дебат клубының мақсаты жаңашыл, талантты студенттермен жұмыс жасау. Сонымен қатар Ұйымның құрамында орыс дебат клубының координаторы және пікір-сайысшылар. Айта кететін жайт СМПИ-ның Парасат дебат клубы қалалық, аудандық, Республикалық тіпті халықаралық турнирлердің жеңімпаздары.
Алтыбаев Мейіржан - жастар ісі жөніндегі комитеттің КТК (КВН) лигасының президенті, «Серілер» командасының капитаны. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының КТК лигасы орыс және қазақ лигасынан тұрады. КТК лигасының мақсаты шығармашыл, орынды әзілімен көзге түскен студенттермен жұмыс атқару. Институттың «Серілер» КТК командасы Республикалық ойындарының жүлделі ойындарының иегерлері.
Советхан Саяхат - жастар ісі жөніндегі комитеттің «Студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ұйымының» төрағасы. СҚК әрбір шарада олар студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шара барысында тыныштықтың сақталуын да қадағалайды. Сонымен қатар барлық ұйымдармен тығыз қарым – қатынаста жұмыс жасайды.
Мухамадиева Гульмира - «Студенттік құрылыс және еңбек отрядтары» командиры студенттердің демалыс уақытында қоғамға да, өзіне де пайдалы іспен айналысуға шақыратын ерікті студенттер ұйымы. Мақсаты екінші дәрежелі жұмыспен қамти отыра, еңбекқорлыққа, қоғаммен жұмыс жасауға баулу.
Дүйсенбаева Айдана - жастар ісі жөніндегі комитеттің «Баспасөз клубының» төрайымы. Жастар ісі жөніндегі комитетіндегі атқарылып жатқан шараларды қалалық баспасөз беттеріне, сонымен қатар институт сайтына мақала жазу арқылы студенттерді ғана емес, қоғамды Семей мемлекеттік педагогикалық институтының шаңырағында ұйымдастырылып жатқан шаралармен таныстырып отыратын – Баспасөз клубы жұмыс атқарады. Клубтың құрамында 8 меншікті тілші жұмыс атқарады.