Алғашқы
сүйіс
Балалықпен қоштасқан кезімде мен
Алғаш рет
сүйістім өзіңменен
Мен сол кезде
ұққанмын оттай ыстық
Бір ләззат екенін
өмір деген.
Ерінің түйіскенде
ерініммен
Ерін емес жүрегім
езіліп ең.
Тарс құшақтап
алыппын, о, тәйірі
Махаббатқа сол
жолы беріліп ем.
Ерініңнен бал
шырын таматындай
Құшақтаппын
айырылып қалатындай
Мойыныма асылған
ақ білегің
Аққудың көрініп
ед қанатындай.
Ыстық демің
жанымды өртеп еді
Сезім енді
мендегі өртенеді.
Алғашқы сүйісімді
түн сығалап
Ай куәгер боп
тұрды желкедегі
Үзіліп кететіндей
қыпша белің
Алғаш рет қыз
белін ұстап едім.
Таңға дейін тұрып
ед кеберсімей
Таңдайыма жуылып
шыққан ерін.
Бұл күнде сол
сезімнің бәрі де арман
Бақытты жан
өткенін сағына алған.
Маңдайыма жазғаны
шығар тағдыр
Таңдайымда
еріннің дәмі қалған.
Шеризатов Арман
Семей мемлекеттік педаггикалық институты
Қазақ филологиясы факультеті, Қ-317 топ
Бабалар-ай
Бабалар-ай
намысын ту ғып өткен
Суырып ап қылышты
су жүректен
Жолындағы
жауларын сілкілесе
Қолындағы домбыра
күмбір еткен
Көрсеткенде
алпауыт қара күшін
Тара тасқа
найзаның қадап үшын
Тау қойнына
әкеліп жерлеген ол
Жау қолында
қалдырмай жаралысын.
Ашуланса кетердей
жай сілкініп
Астындағы тұлпары
айға ұмтылып.
Биігінен
таулардың тас домалап,
Дүбірінен тұяқтың
сай жыртылып.
Ұшқан құс,
жүгірген аң табыспаған
Дала мынау
өздерің табыстаған.
Кеңдігіңді осынау
көріп тұрып
Ерлігіңді жасырмау намыс маған.
Шеризатов Арман
Семей мемлекеттік педаггикалық институты
Қазақ филологиясы факультеті, Қ-317 топ
Үн
Заманның болып
дегені
Ашылмай кеткен
құлып ең.
Құлазып бір үн
келеді
Құрқұдық ойдың
түбінен.
Кіршіксіз таза
сезімге
Ол үннен ащы жоқ
тағы.
Күңіреніп шыққан
сол үнде
Рухымның жатыр
жоқтауы.
Тау іші болып мекені
Тауқымет тартқан
бір тұтқын...
Жүректі жыртып өтеді
Атылған даусы
мылтықтың.
Жар емес жау ғып
ұлтыма
Өзіңсің күндеп
атқанда.
Ақын жүрегі
бейкүнә
Қоғамнан сая
тапқан ба....
Желкемнен кейде
жел үрлеп
Құлаққа бір үн
тынады.
Соғындап қалсам
сол үн кеп
Рухымды жанып
тұрады.
Шеризатов Арман
Семей мемлекеттік педаггикалық институты
Қазақ филологиясы факультеті, Қ-317 топ
Ана тілім
Ең жайлаған
сарыарқаның кең даласын
Елім менің батыр
халық сен боласың.
Бұл елдің
пейіліне таң қаласың
Жатқа санамайтын
жан баласын.
Қазақтар өз
тіліне қарға сынды
Өзгенің тіліне
жүйрік жорға сынды.
Ағылшын мен орыс
тілі иномарка
Шиқылдаған ана
тілім арба сынды.
Батыс еліктеп
қазақ кері кеттің
Өз тіліңді
өзгеден төмен еттің.
Тілім сен мен
үшін кереметсің
Тексіздер сені
қалай керек етсін.
Шуағы ана тілім жаңа
күннің
Шырағы ана тілім
қара түннің.
Қыраны ана тілім
алашымның
Жыр әні ана тілім
бар ақынның.
Ақбабаұлы Ардабек
СМПИ Қазақ
филологиясы факультеті
Тәуелсіздікке
арнау
Қатерлі қауіп келседе қарақұстан
Арамызға кірседе
сан ала дұшпан
Бұл күндері
тәуелсіз ел Қазақстан
Басына бақыт
орнап, азап ұшқан.
Жаңа жырдың, жаңа
жолдың жалғасы
Қалыптасты
қазағымның арнасы.
Бүгінгі
азаттықтың жолдасы
Нұрағаңның
арқасында ел басы.
Өр далам
өшпейтұғын өрісім деп
Батыр бабам беріп
еді қол ұшын көп.
Барлығы қазақ елі
сол үшін деп
20 жылдың
жатырмыз жемісін жеп.
Бабамның қолдап
келген аруағы
Өткен күнін өр
халық сағынады
Жанады жаңарады
бағым әлі
Елімнің биік
болсын шаңырағы.
Ақбабаұлы Ардабек
СМПИ Қазақ филологиясы
факультеті
Тәуелсіздікке
тағзым
Тәуелсіз ел болдық, бақытқа ұласқан
Сенімді қадаммен
шаттыққа басқан
Аллаға шүкір өмір
өтуде
Күлімдеп күнім
ашық боп аспан.
Елін барда неге
мұңайды ұлың
Тәңірім сынайды,
шыдайды құлың.
Тәуелсіз елміз
бүгінде біздер
Арайлап атып
шырайлы күнім.
Осынау елге ұл
қызың қарық
Алысқа барар
құндызың анық
Тәуелсіз жастармыз
бүгінде біздер
Оңынан айым
жұлдызым жанып
Өр қазақ деген
тайпа дер едім
Тәуелсіз ел деп
айта беремін
Балқанменен
Байкалды алған
Қазағым неткен
байтақ ел едің.
Бір кезде күйді
тозаққа қаның
Бір кезде күлді
ғажапқа жаның
Қуанышым бар
қайғымда жетеді
Беріпті Аллам
қазақққа бәрін
Халқым толтыр
нұрға беліңді
Ақындар үйір
жырға желінді
Тәңірім сақта
ата-бабалар
Аманат қып берген
туған елімді!
Бектібаев Нұрлан
СМПИ Қазақ
филологиясы факультеті
Сауал
Муным бар сен туралы
Жаратканга,
Мунменен жалган менi каратты алга,
Сагым ундi сулуым бiр катырып,
Шагымынды сенде айт карап калма.
Уа,жараткан!Неге оны корiктi еттiн,
Бiр коргеннен келедi тонiп кеткiм,
Ойткенi мына алдамшы жылтыракта,
Ол менiн жан сезiмiм олiк-тектiм!
Олiк-тектiм кабiрiмде жатып жазар,
Ак орандым сезiмге хакымда бар,
Ал сен Танiр мен суйген Ай-Аруды,
Калай,кайтiп жараттын макулдап ал...
Сал ойлансам оган тан кулу кылык,
Калай мен байкамаган бурын журiп,
Кун тамсанып шуагы ерiп кететiндей,
Анасынан неге алдын сулу кылып,
Сулу кылып мен бейбакты елiктiрдiн,
Ерiп турдым тамшылай олiп бiр кун.
Сен адемi,албасты мен не дейiн,
Алжасты онiм ойымды болiп курдым
.Болiп курдым алемдi караттымда,
Ал не дейсiн Танiр-ау сагакты улга,
Букiл еркек атаулы кол созсын деп,
Жулдыз нурлы сулуларды тараттынба,
Алде жалгыз менi ынтък кып жараттынба?
Сатыбалдин Манарбек
СМПИ Қазақ филологиясы факультеті
Неге сен
сондайсың?
Елiгiм-ау,калдым гой жер тепкiлеп,
Жанымнан алаулаган орт оттi кеп,
Акылым адасудан аз-ак калды,
Жаттынба сен осыны ерте тiлеп.
Кылыктым-ау,санамнан айырылдым,
Ескегi сынгандай боп кайыгъмнын.
Тiлдейсiн-ау екi езу ерiнiнмен,
Бiлмейсiн-ау кандайын жайы муннын.
Адемiм-ау,уйкымда кеттi кашып,
Ашуымды арнасымен токтiм ашып,
Кай унiн кеп баурап алды,босап кеттiм,
Бiлмейм менi жетуге еттiн асык.
Асылым-ау,лайладын туныгымды,
Менiн мына жайымды кiм угынды,
Озiм арен басымды котергенде,
Сезiмiнмен танытасын былыгынды.
Ендi меннен мунаю шыкпас кылык,
Жасасамба ойымды укпас кылып.
Барiбiрде сенi ойлайм,екеуiмiздi,
Туа сала койганба жуптастырып...
Неге сен сондайсын?
Сатыбалдин Манарбек
СМПИ Қазақ филологиясы факультеті