10:40 Жоғары оқу орындары қымбаттауда | |
![]() Биылғы жылы жоғарғы оқу орындарындағы ақылы білім беру құны жылдағыдан едәуір жоғары болмақ. Республикамыздың кей университеттерінде оқу бағасы 20-30 мыңға дейін көтерілсе, элиталық білім ошақтарындағы жылдық төлем 100 мың теңгеге дейін шарықтамақ.Ал, талапкерлердің ата-аналары болса, қымбатшылық дендеген бұл заманда жыл сайын жарты миллион төлеп, баламызды оқытуға шамамыз жетпейді. Қалталылар ғана оқуы керек пе?- деп ашынады. Маусым айының 20-нан бастап жоғарғы оқу орындарындағы қабылдау комиссиялары қызу жұмысқа кіріседі. Шілденің 9-на дейін, олар әскерден келгендер мен былтыр оқуға тапсырып, түсе алмай қалған талапкерлерден кешенді тестілеуге құжат қабылдай бастайды. Биылғы жылдың бір ерекшелігі шілденің 17-сі мен 23-і аралығында кешенді тестілеуге колледж түлектері де қатысады. Сынақ аяқталысымен шілденің соңына дейін талапкерлер мемлекеттік грант ұтып алу жөнінде конкурсқа қатысуға құжат тапсырады. Ал, кімнің ақылы, кімнің грант бөліміне түскендігі туралы ақпарат тамыз айының ортасынан кейін ғана белгілі болмақ. Ақылы бөлімге түскендердің айы биыл оңынан тумайтын болып отыр. Себебі, аспандап кеткен оқудың бағасын ауыздықтау мүмкін емес. Мысалы, Астанада орналасқан Гумилев атындағы Еуразия университетінің стандарттау, сертификаттау және нитрология факультетінде оқу құны жылына 650 мың теңге тұрады екен. Дәл осы білім ошағындағы ақпараттық технологиялар мамандығы бойынша дәріс алу 600 мың теңгеге бағаланған. Алматыдағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі қаржы факультеті 420 мың теңге болса, Мұхтар Әуезов атындағы оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті ақпараттық жүйелер мамандығы үшін 346 мың сомма сұрауда. СӘРСЕНБЕК ЖҮСІПБЕКОВ, Қ.СӘТПАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗ ҰТУ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОР: - Негізгі саламыз болмағандықтан экономика және бизнес факультеттері ең арзан мамандықтар болып табылады. 380 мың жылдық бағасы әзірге. Ең қымбат факультет мұнай-газ ісі мамандығы бойынша. 500 мың жылына. Жылда құбылатын жоғары білімнің бағасы студенттер мен ата-аналардың да жүйкесін қажытқан сияқты. Жылына жарты миллион төлеп баламызды оқытуда жағдайымыз жұпыны -дейді олар. - Күнделікті өкіметтің төлейтін айлықтары жетпейді. Мен асып кетсе 1000 доллар төлей аламын, одан асса төлей алмаймын. Бірақ оқытқым келеді. Ал, элиталық санатқа жатқызылатын көш алды білім шаңырақтарының бағасы тіпті шарықтап кеткен. Қазақ-Британ техникалық университеті Органикалық заттардың химиялық техникасы деп аталатын факультеті үшін 1 миллион 250 мың теңге сұрауда. Халықаралық бизнес университеті көпшілік қалауындағы экономика, қаржы, журналистика мен халықаралық қатынастар факультеттеріндегі ағылшын тілді топтарындағы оқу бағасын 664 мың теңге деңгейінде бағалаған. Қазақ топтары үшін дәл осы факультеттер 421 мың шама шарқында. Ал, халықаралық ақпараттық технологиялар университеті информатика, менеджмент, қаржы салалары бойынша баланы оқытуға 625 мың теңге талап етуде. УӘЛИХАН ӘБДІБЕКОВ, ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗ ҰУ ПРОРЕКТОРЫ: - Дәріс берген мұғалімдердің айлығына кетеді бір бөлігі, тағы бір бөлігі оқып жүрген бөлмелері бар, соның жабдықтары, құралдары немесе парталарға жұмсалады. Келесі жылы амортизациялық ескіруін жаңартуға, жөндеуге кетеді. Тәбеті тәубесіне түспей тұрған білім ошақтары бағаны білім және ғылым министрлігі бекіткен грант құнынан кем түсіруге құқымыз жоқ - деп ақталуда. Жалғыз көмек әр студентке үкіметтің дотациясында. | |
|
Всего комментариев: 0 | |