Понедельник, 23.06.2025, 11:46 
Главная Регистрация RSS

Приветствую Вас, Гость
Наш опрос
В какой молодежной организации КДМ-а вы состоите?
Всего ответов: 91
Хабарландыру
Социальные сети
Форма входа
Music
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0
Информационная стр
Поиск
Организации входящие в состав КДМ
Онлайн переводчик
Видео
Календарь
«  Апрель 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
ПЕРЕХОДЫ
Главная » 2012 » Апрель » 17 » Жұлдызбен сұхбат
13:44
Жұлдызбен сұхбат

  

     Республикамыздағы ұлттық тіліміз – қазақ тілі елбасымыздың тікелей өз назарында екені бәрімізге мәлім. Осыған орай қазақ жастарының арасында қазақ тілін насихаттауда ерекше орын алатын ұйымдардың бірі - Қазақша КВН.  Негізінен студент жастардың арасындағы көңілді тапқырлар сайыстары назардан тыс қалған емес. Еліміз ел болып, тәуелсіздігімізді алғаннан бері қазақша КВН дамып, талантты да талапты жастарды іріктеп, оларды бір арнаға жұмылдыруда.

   Осы орайда КВН сүйер жанкүйер ретінде, бүгінгі таңда біздің Семей қаламыздағы, жалпы Республикалық қазақша КВН-нің беделі мен мерейі қандай дәрежеде деген сұраққа жауап іздедім. Сәті түскенде 9-11 аралығында өткізілген 1/8 қазақша КВН ойынында «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық Жастар Қоғамдық бірлестігі «Семей КВН»филиалының директоры Тлеутаев Фархатпен сұхбаттастым.

  Құрметті Фархат, алдымен сізді «Семей КВН»филиалының директоры лауазымын иеленуіңізбен құттықтаймыз! Білуімізше үстіміздегі жылдың басынан бастап осы жұмысты атқарып келесіз,осы күнге дейін келеңсіз жағдаймен немесе бір қиындықтар кездесті ме және жеке басыңыздың дамуына тигізер үлесі бар ма?

-         Рахмет, Айгерім, бұл директорлық қызметке мен өз жеке басым үлкен жауапкершілікпен қараймын. Мен өзім Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінің студентімін, сондықтан болар студент-жастармен жұмыс жасап, әр команданың жамандығын жасырып, жақсылығын асырып, тіл табысуға тырысамыз. Директорлық жұмысты сеніп тапсырғандықтан қиындықтардың барлығына төтеп бере аламын деп ойлаймын.КВН-нің барлық жастарға берері мол, себебі аға буын ағаларымыз кезінде қарапайым КВН ойыншысы болса, қазір мемлекеттік қызметте, енді біреулері Қазақстандық телеарналарда, тіпті осы КВН саласында Республикалық дәрежеде жұмыс атқарып жүргендер де аз емес.

  Адамдардың тілін таба білу де өнер, ал қазіргі таңда Семей қаласында қанша команда өнер көрсетіп жүр, соған орай сапасы қандай дәрежеде?

-         Бүгінгі күні Семей қаласының студенттер Лигасында 35 команда өнер көрсетіп жүр, барлығының құрамында әр командада кем дегенде 10-15 ойыншы өнер көрсетеді. Тұрақты көрермендер де аз емес,әр ойын сайын қалалық мәдениет сарайында 600 көрерменнен халық кем жиналмайды,әр айда бір мектепаралық, бір студент аралық командалар ойыны өткізіледі,яғни қаламыздағы жастардың басын қосатын үлкен іс-шаралардың бірден бірі десек артық айтқаным болмас. Республика деңгейінде Семей командаларын ұлылар мекенінен келген, ұрпақтары деп сыйлайды, біздің құрамаларды тіпті құшақ жая қарсы алып жатады, және де командаларымыз да соған сәйкес ойын көрсетеді де.

 Демек, Семей КВН ойыншылары жоғарғы сапалы әзілімен ерекше дейсіз ғой. Теледидардан, газет –журналдардан оқып көріп жатамыз, шынымен де жерлес өнерпаздарымызбен мақтанарға тұрарлық.  Ал жанағы мектепаралық КВН ойындары жайлы не айтасыз?

-         Семей қаласының өзінде мектеп  лигасында 30-дан астам команда бар, мектеп қабырғасында тәрбиеленіп жатқан бауыр-қарындастарымыз да ұшқыр ойларымен көзге түсіп жатады.

Ал қаламыздағы КВН лигасының негізі қай жылдары қаланды?

-         Қаламыздағы қазақша КВНды ұйымдастыратын «Қазақстан КВН Одағы»  «Семей КВН» филиалының  жұмыс істегеніне 8 жылдай болып қалды.Сапаны көтеру үшін биыл Семей қаласында қалалық лигадан бөлек, Респуликалық «Шығыс» лигасы 3 жыл қатарынан қаламызда ұйымдастырылды ,биылдан бастап «Балдәурен» Республикалық мектеп лигасының чемпионаты өз жалауын алды.

   Сіздің ойыңызша қазақша  КВН қарқынды даму үстінде ме, әсіресе Семей қаласының, дамыса қандай жетістіктеріміз бар?

-         Қазақша КВН. Қазақша КВН өз бастауын 1999 жылдан алады. Осы 13 жыл аралығында республикамыздың түкпір-түкпірінде қара көз бауыр, қарындастарымыз осы қазақша КВНда өнер көсетуде. Семей қаласының қазақша лига КВН ойындарының командалары тек 2012 жылғы маусым бойынша :

Республикалық  Жоғарғы лига – Астана қаласында :«Альянс» Шәкәрім атындағы СМУ, Семей мемлекеттік медициналық университеті; Республикалық  Премьер лига – Алматы қаласында: «Серілер» Семей мемлекеттік педагогикалық институты;

Республикалық Шығыс орталық лига – Өскемен қаласында: «Әзіл заң» КазИГЗУ,  «Ұлағатты ұстаздар» Семей мемлекеттік педагогикалық колледжі,  «Достар» КазИГЗУ,  « Жаным» СМУ студенттік кәсіподақ құрамасы,  «Алаш ұлдары» Семей электротехникалық колледжі;

Республикалық Жетісу аймақтық лигасы - Талдықорған қаласында «Шәкәрім жастары» Шәкәрім атындағы СМУ, «Алтыбақан» тәуелсіз;

Республикалық Жас толқын мектеп лигасы – Атырау қаласында : «Мектеп құрамасы» № 37 мектеп гимназиясы барып қайтты.

Айта берсек жетістік көп, осы жылдың өзінде Республикалық Лигаларда чемпион, жүлдегер атанып жатырмыз.  Бүгінгі «Семей КТК» филиалының ұйымдастыруымен қалалық мәдениет сарайында  9-11 сәуір аралығында  1/8 КТК ойындары ұйымдастырылды. Барлығы 30 команда сайысқа түсті, ойын әдеттегідей, әдемі әзілмен өте көңілді өтті.

Рахмет, болашақ КВН ойыншыларына қандай кеңес беріп, тілек айтасыз?

-         Болашақ ізбасарларымызға, үздіксіз еңбек етіп, өз мақсатынан айнымауға кеңес беремін. Ал тілегім, қазақ КВН-нінің абыройын асқақтатар ізденімпаз, қайратты жастар көбейсе екен деймін.

  Фархат сізбен сұхбаттасқаныма өте қуаныштымын, Шығармашылық жолыңызда тек табыс, ал командаларға салмақты әзіл мен ұтқыр ой тілейміз. КВН-ның дамуына үлес қосып жүрген сіздей азаматтарымыз көбейсе, қазақ КВН-ның болашағы жарқын, бағындырар белестері әлі алда екені анық.

 

                                                             Баспасөз клубы

Жақасбекова Әйгерім

 

 

Просмотров: 1193 | Добавил: хакер_м | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: