Понедельник, 23.06.2025, 05:38 
Главная Регистрация RSS

Приветствую Вас, Гость
Наш опрос
В какой молодежной организации КДМ-а вы состоите?
Всего ответов: 91
Хабарландыру
Социальные сети
Форма входа
Music
Статистика

Онлайн всего: 2
Гостей: 2
Пользователей: 0
Информационная стр
Поиск
Организации входящие в состав КДМ
Онлайн переводчик
Видео
Календарь
«  Апрель 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
ПЕРЕХОДЫ
Главная » 2012 » Апрель » 14 » XXI ғасыр джентельмені
13:10
XXI ғасыр джентельмені
 Сәуір айының 5-күні қалалық Абай театрында «XXI ғасыр джентельмені»  атты жоғарғы оқу орындарының сері жігіттері арасында сайыс ұйымдастырылды. Барлығы қалалық 5 оқу орнынан: Семей мемелекеттік медициналық университеті,Шәкәрім атындағы СМУ, «Қайнар» университеті, Семей қаржы-экономика академиясы және Семей мемлекеттік педагогикалық институтынан жігіттер сынға түсіп, 4 түрлі байқауда бақ сынасты. Сайыс орыс және қазақ тілінде бірдей жаңа форматта жүргізіліп, өнерлі қырандарымызға ешқандай шектеу қойылмады. Жоғарыда атап өткендей конкурс заманауи талапқа сай, тіпті сахна безендірілуінің өзі мерекелік көңіл күй сыйлап, көрермендердің көңілді әрі тиімді демалуына өз себін тигізді. 
   Қара шаңырақ Семей мемлекеттік педагогикалық институтынан педагогика-психология факултетінің 1-курс студенті Орынбеков Серік қатысты. Барлығы 4 турдан тұратын сайыста, Серік бар біліп, танығанын ортаға салып, қатысушыларға лайықты бәсекелестік танытты. Серіктің сайыс талабына сай таныстыру кезінде бейне-баяны есте қаларлық, тіпті кәсіби мамандардың көмегімен түсірілгендей өте әсерлі болды. Келесі айналымда үміткерлердің білім деңгейін анықтау мақсатында әр саладан сұрақтар қойылып, бұл сатыдан да Серіктің қырағылығы, білімпаздығы көрермен назарынан тыс қалмады. «Жігітке жеті өнер де аз» демекші жігіттеріміздің бойында сан түрлі өнерлері бар екен. Серіктің бір өнері көрерменді әсем әуенімен тербесе, келесіде заманауи биімен таңдай қақтырды. 
  Біздің институтымыздың үмітін ақтап, намысын қорғаған өнерлі де, талапты сері жігітіміз Серіктің нағыз «XXI ғасыр джентельмені» атағына ие екенін барлығы да мойындағаны анық. Серіктің батылдылығы мен талаптылығына шексіз ризашылығымызды айта отыра, қатысушымыздың бойына сенімділік пен қуаныш ұялатқан Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Жастар ісі жөніндегі комитетіне және барлық институт студенттеріне алғысымызды білдіреміз.


СМПИ Жастар ісіжөніндегі комитеті
Баспасөз клубы
Жақасбекова Әйгерім
Просмотров: 634 | Добавил: хакер_м | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: