Меню сайта
Наш опрос
Хабарландыру
Социальные сети
Music
Статистика
Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Информационная стр
Поиск
Организации входящие в состав КДМ
Онлайн переводчик
Видео
Друзья сайта
Календарь
ПЕРЕХОДЫ
Главная » 2012 Январь 6 » Қол ұшын бір көмек,қуансын бал-бөбек!
18:05 Қол ұшын бір көмек,қуансын бал-бөбек! | |
«Бала- елдің ертеңі,болашағы »,- демекші жыл көлемінде Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның филиалы «Жас Отан » жастар қанаты №3,№8 балалар үйінде «20 қайырымды іс» акциясы аясында «Балаларға бақыт сыйлайық » атты «Жаңа жылдық кеш» өткізді. Бұл іс-шарадағы басты мақсат балаларға бақыт сыйлау, патриоттық сезімдерін өршіту және «Еліміздің ертені» екенін сезіндіру.Алыстан ат терлетіп келген аяз ата мен ақшақар балалардың көңілін көтеру үшін түрлі ойындар ойнатып, балалардың өнерлерін тамашалап, өздерімен бірге алып келген базарлықтарын таратып берді.
Осы «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына - 20 жарқын іс» акциясы аясында «Жаңа жылдық кеш» желтоқсанның 30-ы күні сәбилер үйінде аяқталды.Кішкентай сәбилер тақпақ айтып Аяз ата мен Ақшақардан сыйлықтар алды. «Балаларға бақыт сыйлайық» атты қайырымдылық акциясын өткізуге қол ұшын созған ТОО «ШЕИН и Д» директоры Светлана Георгиевна, «Цементник» мұз айдыны спорткомплексінің директоры Темерханов Серккалий Кажимканович, Шәкәрім атындағы Семей Мемлекеттік Университетінің ректоры Әмірбеков Шәріпбек Агабайұлы,Семей Мемлекеттік Педагогикалық Институтының ректоры Ескендіров Мейір Ғариполлаұлы, Семей көркем жарнамалық-өндірістік фирмасының директоры Ахметов Арман Шамайұлы,осы мейірімді жандардың арқасында іске асты. Жүректері мейірімге толы, жанашыр азаматтарымызға шын жүректен алғыс білдіріп, рахметімізді айтамыз. Жаңа жылдық кештің алдында Семей қаласындағы балалар үйіндегі тәрбиеленіп жатқан балаларды 1 маусым «Балаларды қорғау күнінде» гала-концертке тегін апардық, «Тәуелсіздіктің 20 жылдығына» арналған Семей қаласының балалар үйінің тәрбиеленушілерінің арасында «Сурет байқауы» өтті. Жеңімпаз болған балаларды сол кеште марапаттап,сонынан мерекелік концерт қойылды және де Семей қаласының белсенді де,жалынды жастары «Қан тапсырып» одан түскен қаражатты жинап балалар уйіне жана жылдық кешке өз еріктерімен өткізді. Желтоқсанның 21-23 күндері «Мұз айдынына» тегін сырғанақта ойнап және «Шапито» циркін тегін тамашалауға мүмкіндік жасады. Сәбилеріміздің сыңғырлаған күлкісі,бақытты сәттері көп болсын! | |
|
Всего комментариев: 0 | |