Понедельник, 23.06.2025, 08:27 
Главная Регистрация RSS

Приветствую Вас, Гость
Наш опрос
В какой молодежной организации КДМ-а вы состоите?
Всего ответов: 91
Хабарландыру
Социальные сети
Форма входа
Music
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0
Информационная стр
Поиск
Организации входящие в состав КДМ
Онлайн переводчик
Видео
Календарь
«  Январь 2013  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031
ПЕРЕХОДЫ
Главная » 2013 » Январь » 14 » «Мемлекеттік тілді білу- азаматтық міндетім»,- дейді неміс қызы Лиза Готман
16:08
«Мемлекеттік тілді білу- азаматтық міндетім»,- дейді неміс қызы Лиза Готман

Семей педагогика институты  тәрбие бөлімінің  маманы   Лиза Арнольдовна Готман  бұрынғы  Абыралы ауданының  Қайнар ауылында 1975 жылы дүниеге келген. Ұлты – неміс. Бірақ, қазақшаға судай. Өзінің айтуынша, жастайынан қазақ ауылында өсіп,  қазақ мектебінде білім алуы оның осы тілге деген құрметін   бала күнінен бойына сіңіруге әсер еткен көрінеді.  Қазақтықтың қаймағы бұзылмаған Абыралы өңірі Төлеужан тәрізді  талай ақындар мен   ән атасы Әміре, бұлбұл көмей  Бибігүлді дүниеге әкелген киелі жер. Осындай құт дарыған мекенде дүниеге келіп, қазақ деген кең қолтық ұлттың  қасында өмір сүрген жанның қазақ тілінде сөйлемеуі мүмкін де емес тәрізді.       1992 жылы  Қайнар ауылындағы  С.Бегалин атындағы орта  мектепті  Алтын белгімен  аяқтаған Лиза  жоғары білім алу мақсатымен  Семейдің   сол кездегі  сүт және ет өнеркәсібі технологиясының институтына оқуға түседі.   

   1997 жылы аталған оқу орынын ойдағыдай аяқтаған жас маман өзі тамамдағын оқу орынында  машықтанушы-оқытушы болып  жұмыс істейді.  Сол кездегі нарықтың қатал заңына орай қаладағы жоғары оқу орындары  Семей мемлекеттік университетіне біріктіріледі. Көп уақыт өтпей  педагогикалық институт өз алдына бөлініп шығады. Міне, сол кезде Лиза да  мұғалімдер институтына аға оқытушы болып  келеді.   

   -  Мектеп қабырғасында жүрген кезімде қоғамдық жұмыстарға қатысып, мектеп өміріне тікелей араласатынмын.   Көркемөнерпаздар үйірмесінің белсенді мүшесі болдым. Осы қасиеттерім институт қабырғасында жүргенде де өз пайдасын тигізді.  Жастар арасында жарқырай көзге түсіп, жастайымнан құмар болған өнерге деген жақындық мені  қоғамдық шаралардан тыс қалдырмайтын,- деген Лиза Арнольдовна қазақ тілін білгендігінің да көп пайдасы тигенін қуана әрі мақтанышпен жеткізді. 

-Мемлекеттік тілді насихаттауда және өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеруіне байланысты өткізілетін конкурс-жарыстарға қатысатынмын. Және үнемі жеңімпаз атанып жүрдім.  Жүлдеге алған сыйлықтарым жетерлік. Мәселе сыйлық алуда емес, өзімнің ана тілім деп есептейтін қазақ тілін насихаттауға өзге ұлт өкілі бола тұра, үлес қосқанымды мәртебе санайтынмын,- деген  неміс қызының сөзі әлі де болса өз тілінде сөйлей алмайтын қандастарымызға үлгі болса деген ой  келді маған.       

   2007 жылдан педагогика институтының тарих-филология факультеті деканының орынбасары қызметін 2011 жылға дейін атқарған  Лиза Готман бүгінде аталған оқу орнының тәрбие бөлімінің бастығы болып қызмет істейді.  Болашақ ұстаздарды тәрбиелеу ісінде ұсақ-түйек болмайды деп есептейтін Лиза Арнольдовна  Елбасының  «Қазақстан - 2050  Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында айтылған мемлекеттік тілді дамыту туралы пікірін толық қолдайтындығын, өзі де бұл мәселеге үлес қоса беретіндігін жеткізді. 

-   Германиядағы жиен туыстарым тарихи отаныма шақырған. Бірақ, мен үшін кіндік қаным тамған қазақ жерінен артық жер, ана тілім деп есептейтін қазақ тілінен артық тіл жоқ деп есептеймін.  130 ұлттың басын қосып, татулық пен достықтың үлгісі, тұрақтылықтың тұтқасы болып отырған ата- мекенім- Қазақстанды басқадай ешқандай жерге айырбастамаймын.  Көп ұлтты демекші,  біздің жанұямыздың өзінде  бірнеше ұлттың өкілі бар. Жезделерімінің арасында орыс пен қазақ, татар  да бар. Бірақ, басымыз қосылғанда бәріміз бір үйдің баласындай, бөліну дегенді білмейміз. Тілегіміз де, жүрегіміз де бір,- деген Лиза Арнольдовна өз бойындағы отансүйгіштік қасиеті мен мемлекеттік тілге деген құрметін жас ұрпақ бойына сіңіру жолында жемісті еңбек ете беремін,- дейді.  

Нариман Джангаскин, Семей 

Просмотров: 603 | Добавил: хакер_м | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: