Понедельник, 23.06.2025, 02:45 
Главная Регистрация RSS

Приветствую Вас, Гость
Наш опрос
В какой молодежной организации КДМ-а вы состоите?
Всего ответов: 91
Хабарландыру
Социальные сети
Форма входа
Music
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Информационная стр
Поиск
Организации входящие в состав КДМ
Онлайн переводчик
Видео
Календарь
«  Апрель 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
ПЕРЕХОДЫ
Главная » 2012 » Апрель » 17 » Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтатар ұландар
00:25
Ұлтымыздың ұлылығын ұлықтатар ұландар

17-сәуір, сейсенбі күні білім ордамызда үлкен айтулы шара өтті. Бұл іс шараны «Студенттік көктем-2012» аясында студенттік кәсіподақтың қолдауымен «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастырды. Ұзақ уақыт көпшілік естен шығармай айтып жүрер бұл сайыс  «Жігіт сұлтаны -2012» сайысы. 
Жігіттердің үздіктерін сұрыптайтын бұл сайысқа 4 факультеттен 7 таңдаулы қатысты. Ал серілерді сынайтын сайыс кезеңдерінің саны да жетеу болды. Жігіттер қол күресі, қазақша күрес, мергендік сайыс, таныстыру, өнер көрсету, қызға сөз салу және бата беру сайыстары бойынша өздерінің ептіліктері мен тектіліктерін таныта білді. 
«Ел мақтаған жігітті қыз жақтаған» деген аталы сөз бекер айтылмаған. Факультеті жақтаған Арман мен Қуаныш  қазақ филологиясы факультетінің намысын қорғап, ал Қамбар және Еркебұлан есімді жігіттер тарих-филология факультетінің атынан сынға түсті. Нұрлыбек пен Саяхат физика-математика факультетінің атынан қатысса, Парасаттай сері жігіт педагогика-психология факультетінің туын желбірете келді. 
Әр сайыстың сыны бар, сын айтатын сыншысы бар екені баршаға мәлім. Ұлттың ұлылығын ұлықтатар ұландарымыздың өнерін бағалап, бейімін саралайтын әділ төрешілеріміз де бұл сайыстың шынайы төрелігін шығарды. Төрешілердің қатарында «Ертіс толқындары» көркемөнерпаздар ұжымының жетекшісі Мурзабаева Мағиша Намысқызы, Қазақстан - Семей телеарнасының тілшісі, «Ой талқы» бағдарламасының жүргізушісі Смагулов Қуаныш және ТВК-6 телеарнасының бас редакторы Қыржаубай Дәулет сынды жандар болды. Әділқазы алқасының шешімімен Отан Парасат «Байсалды жігіт», Қожахметов Нұрлыбек «Көрермендер көзайымы», Мұқашев Камбар «Жігерлі жігіт», Серікқан Еркебұлан «Мерген жігіт» ал Советхан Саяхат «Қайратты жігіт» бағамдарын иеленді. Ептілігі мен тектілігі  барынша таныта білген қазақ филологиясы факультетінің таңдаулылары Арман мен Қуаныш бір ұпайлық алшақтықпен топты оза жарып шықты. Төрешілер шешімімен Нұржанов Қуаныш «Сері жігіт» бағамын қанжығаласа, Шакеров Арман «Жігіт сұлтаны-2012» аталымын жеңіп алды.
Сырттандар сынға алынып, көрермендері шапалақ жаудырып, таңдаулылары үшін тақым қысқан «Жігіт сұлтаны -2012» атты сайыс жоғары дәрежеде өтті.  Ел намысын қолдан бермес нағыз жігіттердің қатарының толығуы әр қазақты қуантып, ұлт мерейін өсірері анық.
Баспасөз клубының меншікті тілшісі Намысова М.


Просмотров: 903 | Добавил: хакер_м | Теги: Жігіт сұлтаны | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: