Понедельник, 23.06.2025, 05:21 
Главная Регистрация RSS

Приветствую Вас, Гость
Наш опрос
В какой молодежной организации КДМ-а вы состоите?
Всего ответов: 91
Хабарландыру
Социальные сети
Форма входа
Music
Статистика

Онлайн всего: 3
Гостей: 3
Пользователей: 0
Информационная стр
Поиск
Организации входящие в состав КДМ
Онлайн переводчик
Видео
Календарь
«  Апрель 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
ПЕРЕХОДЫ
Главная » 2012 » Апрель » 14 » Көңілді тапқырлар
13:12
Көңілді тапқырлар
Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ең көңілді де тапқыр белсенді студенттері «Серілер» КТК командасы мен «Ду қол шапалақ» атты жаңа КТК құрамасы қалалық кезекті ойында өнер көрсетті. Қазақ жастарын шығармашылық, интелектуалдық дамытуды, мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуді мақсат ететін «Қазақстан КТК одағы»  республикалық жастар қоғамдық бірлестігі «Семей КТК» филиалының ұйымдастыруымен қалалық мәдениет сарайында  9-11 сәуір аралығында өткен 1/8 КТК ойындары ұйымдастырылды. Айтып өткендей ойынға институтумыздың намысын салмақты әзілімен , ұтқыр ойымен көрермен көзайымына айналған екі бірдей топ қорғады. 
 Әдеттегідей қалалық мәдениет сарайы жастарға лық толы, ине шаншыр жер болмады. Ойынд «Семей КТК» филиалының директоры, Семей мемлекеттік педагогикалық институтының физика-математика факультетінің студенті Тлеутаев Фархаттың құттықтау сөзімен басталды. Барлығы 28 команда әзілдерімен сынға түссе, біздің сері жігіттеріміз «Серілер» мен талапты ұл қыздарымыз «Ду қол шапалақ» командалары үздік деп танылып, жоғарғы бағаға ие болды.  Бар қуантарлығы командалар шынымен үздік екендіктерін тек институтымызға ғана емес, барлық қатысушылар мен көрермендерге, яғни қалалық көлемде дәлелдеп үлгерген сияқты. Семей мемлекеттік педагогикалық институтының құрамаларының әзілдері қажырлы еңбек пен ізденімпаздықтың жемісі екені айқын көрінеді. Сахна мәдениетін меңгерген, көрермендермен жұмыс жасай алатын нағыз көңілді тапқырлар десек артық айтпаспыз.  Семейлік студенттер әрдайым өзінің оқу орнының  КТК командасына жанкүйер болудан шаршаған емес. Себебі, КТК ойындарын теледидардан көру бөлек, ал сол көңіл – күйді сезініп, көрермен қатарында отырудың жөні мүлде өзгеше екенін әр жанкүйер біледі.  Әсіресе, Семей мемлекеттік педагогикалық институты  жанкүйерлерінің сүйікті құрамаларына берген демеулері мен қолдаулары, командалардың әзілдерін еркін жеткізуіне көмегін тигізді.
Ойын ең жоғары дәрежеде өтті, барлық командалар ішінен келесі 1/4 ойындарына біздің екі команда  «Серілер» мен «Ду қол шапалақ»  та жолдама алды. 
Өздеріңіз білетіндей «Серілер» КТК командасы қалалық қана емес, сонымен қатар Республикалық деңгейде бірнеше рет өнер көрсетіп, неше мәрте жүлдегер атанған  үздіктердің бірі. Естеріңізге түсіре кетейін, қаламызда 1-сәуір «Күлкі күніне» орай  КТК ойындарынан қалалық мәдениет сарайында  «Достық» кубогы ұйымдастырылған болатын. Осы ойында 14 команда сынға түсті,  «Серілер»  КТК  кубокты иеленіп, қалалық КТК ойынның чемпионы атанды. 
 Семей мемлекеттік педагогикалық институтының мәретебсін асқақтатар белсенді,көңілді тапқыр студенттердің талабы шыңдала берсін демекпіз.
 
СМПИ Жастар ісіжөніндегі комитеті
Баспасөз клубы
Жақасбекова Әйгерім
Просмотров: 913 | Добавил: хакер_м | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: