Понедельник, 23.06.2025, 02:36 
Главная Регистрация RSS

Приветствую Вас, Гость
Наш опрос
В какой молодежной организации КДМ-а вы состоите?
Всего ответов: 91
Хабарландыру
Социальные сети
Форма входа
Music
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Информационная стр
Поиск
Организации входящие в состав КДМ
Онлайн переводчик
Видео
Календарь
«  Апрель 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30
ПЕРЕХОДЫ
Главная » 2012 » Апрель » 14 » «Институт аруы - 2012»
13:20
«Институт аруы - 2012»


   Қазақ халқы «қызға қырық үйден тию» деп қыздардың биязы, әрі сыпайы қалпын әрдайым бағалаған. Қазақ аруы салт-дәстүрдің қай қайсысын болсын меңгеріп, наным сенім, ырым-тыйымдарды әрдайым ұстанған. 

   Қазіргі таңда «Қазақ аруы» атағына жауқазын қыздарымыз қаншалықты лайықты?! Міне осы сұраққа Семей мемлекеттік педагогикалық институтында сәуір айының 10-жұлдызында  «Студенттік кµктем-2011» фестивалініњ аясында «Институт аруы - 2012» байќауы бас ғимараттың акт залында Жастар ісі жөніндегі комитеті мен қазақ филологиясы факультетінің ұйымдастыруымен өткізілген шара өз жауабын берді.
   Шараның басты мақсаттары:арулардың қазақ қызына тән ибалылық, нәзікьік, инабаттылық қасиеттерін байқау. Арулардың қолөнерге бейімділігін арттыру, қазақ қызының образын ашып, арулардың өнеріне лайықты баға беру. Сонымен қатар  институт факультеттері арасындағы достық қарым – қатынасты нығайтып, талантты, ақылына көркі сай ару да, әсем қыздарды іріктеп, болашаққа бағыт бағдар беру;
   Байқауға институтымыздың бес факультеті: Психология педагогика факультетінен Қаукербекқызы Аяла;жаратылыстану ғылымдары факультетінен Мурсалимова Ақерке ;физика-математика факультетінен Бельгиева Назерке ; Тарих-филология факультетінен Мажитова Нұрзия ; қазақ филологиясы факультетінен  Қыдырғалиева Жанерке өнерімен, білімін көрермен назарына паш етті. 
   Байқау жалпы  5 кезеңнен тұрды: «Мен – қазақ қызымын » таныстыру сайысы. Бұл сайыста аруларымыз өздерін көркем сөз, өлең, көрініс арқылы таныстырса, «Мен- домалақ ана жалғасымын...» образ сомдау сайысында қазақ қызының рөлін сомдау арқылы актерлік шеберліктерін ортаға салды.  Кезекті «Білгенге маржан» сұрақ-жауап сайысында қатысушы қыздардың бойындағы салт-дәстүр, ұлттық құндылық жайлы білімдері сарапқа салынды. «Өнерлі өрге жүзер» өнер сайысы әр арудың өз бойындағы өнерін айқындап, көпшілікке паш етуге мүмкіндік берілді. «Қыздарға әсемдік жарасады» сайысында әсем аруларымыз заманауи киім үлгісіне қазақы ұлттық нақыштағы элементтерді енгізіп қырағылық танытса, «Ана көрген тон пішер» қолөнер сайысында суретті кестелеп тігу немесе кесте тігу шеберліктерінің қаншалықты жоғарылығын дәлелдеп берді. 
  Қазылар алқасы байқауға қатысушы аруларды мынадай бағыттар бойынша бағалады:
•    Сахналық мәдениеті;
•    Қазақ қызына тән қазақилығы
•    Сахналық киім үлгісі
•    Орындау шеберлігі
•    Ақылына көркі сай
•    Регламент сақтауы;
  Байқау өте жоғары дәрежеде, әділетті, әрі көңілді өтті. Байқау болғандықтан аруларымыздың талабы мен өнеріне сай әр түрлі номинациялар және бас жүлде табысталды. 
   Өнерлі ару номинациясымен Мурсалимова Ақерке жаратылыс ғылымдар факультетінің аруы; Тапқыр ару номинациясымен Мажитова Нұрзия тарих-филология факультетінің қатысушысы марапатталса; Сымбатты ару - Бельгиева Назерке физика-математика факультетінің, Көрермен көзайымы номинациясы Қаукербекқызы Аялаға бұйырды. Бас жүлде «Институт аруы-2012» атағына Қыдырғалиева Жанерке қазақ филологиясы факультетінің аруы көрермендер қолдауымен әрі әділ-қазылар алқасының шешімімен лайық деп танылды.
   Институт көлемінде атқарылған тәрбиелік мәні мен мағынасы зор шара игілікпен атқарылып шықты.
«Қыз емес қыздың аты қызыл алшын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын,
Үлкеннің алдын орап сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген ізгі салтын»
-    деп қазақ қызының мәртебесін асқақтатар, дәстүрі мен салтын жаңғыртып, елінің болашағына жанашырлықпен қарайтын аруларымыздың көбеюіне тілектестік білдіреміз.

 

СМПИ Жастар ісіжөніндегі комитеті
Баспасөз клубы
Жақасбекова Әйгерім

Просмотров: 1107 | Добавил: хакер_м | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: