Понедельник, 23.06.2025, 03:29 
Главная Регистрация RSS

Приветствую Вас, Гость
Наш опрос
В какой молодежной организации КДМ-а вы состоите?
Всего ответов: 91
Хабарландыру
Социальные сети
Форма входа
Music
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Информационная стр
Поиск
Организации входящие в состав КДМ
Онлайн переводчик
Видео
Календарь
«  Март 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031
ПЕРЕХОДЫ
Главная » 2012 » Март » 8 » мақала ҚФФ «факультет аруы-2012» байқауы
22:58
мақала ҚФФ «факультет аруы-2012» байқауы

Наурыз айының алтыншы жұлдызында №3 оқу ғимаратының акт залында қазақ филологиясы факультеті кіші деканатының ұйымдастыруымен, студенттік кәсіподақ ұйымының қолдауымен ен даланың ерке маралдары сияқты дүйім жұрттың алдына шығып бақ сынасатын көптен күткен арулар сайысы «ФАКУЛЬТЕТ АРУЫ-2012» байқауы болып өтті. Байқаудың мақсаты - ұлттық салт – дәстүрді, тілімізді, дінімізді өскелең ұрпаққа насихаттау, қазақ қыздарының қылықты келбетін, инабаттылығын, көркем мінезін, білімділігі мен ақылдылығын әрі нағыз қазақ қыздарына тән қасиетті дәріптеу, аспаздық, актерлық шеберліктерін ұштастыруға, «Факультет аруын» анықтап, «ИНСТИТУТ АРУЫНА» қатысуға мүмкіндік жасау болды. Байқау факультеттің бірінші курс арулары арасында болды. 
Мадиярова Гүлбаян Қ-113, Қыдырғалиева Жанерке Қ-111а, Нұрмұхатова Гүлнұр Қ-113, Қабдолла Шұғыла Қ-111, Байболова Данагүл Қ-113, Нығметова Айжан Қ-117 сынды ақылына көркі сай, талдырмаш аруларымыз бағдарламада берілген алты кезең бойынша да бар жақсы дайындықтарын көрсетті. 
Қыздардың амандасу әдебін,өздерін таныстыру мақсатындағы «Мен - қазақтың қызымын» таныстыру сайысы. Аруларымыздың әдемі киініп,сәнді көрінетін сайысы «Қыздарға әсемдік жарасады» деп аталса, көркіне ақылы сай аруларымыздың білімдерін анықтайтын «Білгенге маржан» сайысы болды. Алдын-ала жеребе арқылы таңдалған кейіпкер бейнесін сомдайтын келесі сайысымыз «Мен-домалақ ана жалғасымын...». Қолдарынан бал тамған аруларымыздың «Өнерлінің қолы алтын» кезеңі болса, арулурымыздың сан қырлы өнеріне қанық болатын ақтық сайысымыз «Өнерлі өрге жүзер» деп аталған-ды. Қыздарымыздың биязылық, нәзіктік пен қатар табандылық, еңбекқорлық қасиеттерін танытатын байқау осындай бөлімдерді құрады. 
Сайыстың қорытындысы бойыншы, өзін жан-жақты өнерімен, ақылы мен қиялын ұштастыра білген, «ФАКУЛЬТЕТ АРУЫ-2012» байқауында жеңіске жетіп, «Институт аруына» жолдама алған Қ-111а топ студенті Қыдырғалиева Жанерке. «Кәмшат бөрік, ақ тамақ, қара қасты, сұлу қыздың көріп пе ең мұндай түрін», – деп Абай атамыз айтып кеткендей Жанерке бұл байқауда сұлулығымен немесе тек дайындығымен ғана емес, сахна мәдениетін сақтаумен, қазақ қызына тән биязылығымен де ерекше көзге түсті. Енді Жанерке «Институт аруы» байқауына қатысып, бағын сынау үшін қызу дайындық үстінде.
Прикрепления: Картинка 1
Просмотров: 903 | Добавил: Мара | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: