Понедельник, 23.06.2025, 05:29 
Главная Регистрация RSS

Приветствую Вас, Гость
Наш опрос
В какой молодежной организации КДМ-а вы состоите?
Всего ответов: 91
Хабарландыру
Социальные сети
Форма входа
Music
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0
Информационная стр
Поиск
Организации входящие в состав КДМ
Онлайн переводчик
Видео
Календарь
«  Ноябрь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930
ПЕРЕХОДЫ
Главная » 2012 » Ноябрь » 12 » ЕЛІМІЗДІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІН ИНСТИТУТЫМЫЗДЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ДЕ АТАП ӨТУДЕ
17:00
ЕЛІМІЗДІҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІН ИНСТИТУТЫМЫЗДЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ДЕ АТАП ӨТУДЕ
Күнтізбелік мерекелер бойынша биыл біз елімізде Тұңғыш Президент күнін алғаш рет мерекелейтін боламыз. Осыған орай қасиетті қара шаңырақ Семей мемлекеттік педагогикалық институтының Жастар ісі жөніндегі комитеті ағымдағы жылдың қараша айының 9-ы мен 16-сы аралығында ауқымды іс-шаралар өткізуде. Дәлірек айтсақ, «Жастар жаңа қоғам көшбасшысы» атты дөңгелек үстел, КТК ойындары, спорттық жарыстар, «New art» атты жас таланттар сайысы, «Parasat CUP» бірінші курстар арасындағы дебаттан турнир, «Фристайл» би байқауы ұйымдастырылып, өткізілуде.
Аталған ауқымды шараларды Көңілді тапқыштар ойыны бірінші болып бастау алды. Іс-шараға институттың барлық студент-жастары жиналды, ине шаншыр жер болмады. Факультет атынан шыққан командаларды  қолдауға келген жанкүйерлер қауымы қатысып, ойыншыларға айтарлықтай жігер беріп отырды. 
Көңілді тапқыштар ойыны бірінші кезекте – өнер және қоғамда болып жатқан өзгерістерді, жаңалықтарды халыққа әзіл-сықақ түрінде жеткізетін құрал деп білеміз. Бүгінгі күні, КТК ойындары жастар тарапынан үлкен қызығушылыққа ие болды.
Ойында факультет атынан бес команда қатысты. Олардың ішінегі аса белсендісі физика-математика факультетінің командасы «МатИФ десек асыра айтқанымыз емес. Сонымен қатар, тарих-филология факультетінің «Жастар», жаратылыстану ғылымдары факультетінің «Көркем», қазақ филологиясы факультетінің «Қазақша қалжың», психология-педагогика факультетінің «Достық әзіл» командалары да қалыс қалмады.
Әзілкеш жастар дайындаған асхана, жатақхана мен оқу ғимараттарын қандай түрде көргілері келетіні жайындағы әзіл-қалжыңдары көрермен көңілінен ерекше орын алды.
Әділқазы алқасы шешімін шығарғанша,  арнайы шақырумен Аягөз қаласынан келген «Аягөз» командасы өз өнерін көрсетті. Көркіне өнері сай жастар көңілді тапқыштар ойынынан шебер класс көрсетті. 
Қызу да, қызық ойын нәтижесі бойынша жүлделі орынға «МатИФ» командасы иеленді. Екінші және үшінші орын «Қазақша қалжың» және «Жастар» командаларына бұйырды.
Айта кетсек, барлық командалар жастар үшін жасалып жатқан игі істер Елбасының сабырлы һәм сарабдал саясатының арқасында екенін ерекше атап өтті.
Просмотров: 578 | Добавил: хакер_м | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: