00:23 Екі жүрек бір арман | |
Сәуір айының 16-шы жұлдызында СМПИ бас ғимаратында «Қазақстан студенттер Альянсы» корпоративтік қорының ұйымдастыруымен қазақ халқының «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» махаббат күніне орай «Екі жүрек бір арман» байқауы өткізілді. Бұл байқауға Семей қаласының жоғарғы оқу орындары: Семей мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақ Қаржы Экономикалық Академиясы, М.Әуезов атындағы Семей педагогикалық колледжі, Семей қаржы экономикалық колледжі мен Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің студенттері қатысты. Байқау жеті кезеңнен тұрды. Басты ерекшелік: байқауға қатысушы жұптар сайыстың соңына дейін бірін-бірі көре алмайды. «Таныстыру», «Сөз салу», «Қол ұстату» сияқты байқаудың кезеңдері көпшілік көңілінен шығып, езулері құлақтарына жетті. Жігіттер сұлу қыздардың жүрегін жаулап алу үшін қолдарынан келгендерін аямады. Әр жұп сыйлықтармен, және де арнайы «Жарасымды жұп», «Көрермен сүйіктілері» сияқты аталыммен марапатталды. Ал бірінші
орын «Еңлік Кебек» кинотеатрына кешкі сеансқа 2 билет беріліп, қазақтың «Қос
ғашығы» аталымын жеңіп алды.Байқау жоғары деңгейде өтті. | |
|
Всего комментариев: 0 | |