Понедельник, 23.06.2025, 03:30 
Главная Регистрация RSS

Приветствую Вас, Гость
Наш опрос
В какой молодежной организации КДМ-а вы состоите?
Всего ответов: 91
Хабарландыру
Социальные сети
Форма входа
Music
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0
Информационная стр
Поиск
Организации входящие в состав КДМ
Онлайн переводчик
Видео
Календарь
«  Июнь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930
ПЕРЕХОДЫ
Главная » 2012 » Июнь » 8 » «Дипломмен ауылға» бағдарламасы қарқын алғанмен кей манадар тапшы.
13:30
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы қарқын алғанмен кей манадар тапшы.

«Дипломмен ауылға» бағдарламасының шеңберінде ауылға аттанған жас манадардың барлығы жұмысқа орналасып жатқаны шамалы. Бұл туралы www.arnapress.kz тілшісіне Семей қалалық «Нұр Отан» ХДП-ның «Жас Отан» жастар қанатының атқару хатшы Мақсат Кәрібаев хабарлады.

"Аулылдың гүлденуі елдің көркейуі”, деп түсінген Ел басы 2009 жылдан бері аулыдық жерлерге жас мамандарды тарту мақсатында «Дипломмен ауылға» бағдарламасын жандандырған болатын. Қарқын алған бағдарлама шеңберінде түрлі мамандықтар бойынша елімізден 16 мыңнан астам жас манадар аулға аттанған. 3 жылдың аясында барған мамандардың 78 пайызы ұстаздар,19 пайызы денсаулық саласы, 516 маман әлумет, мәдениет және спорт салаларына тартылған. Жас мамандардың құлшынысы алғашқы жылдармен салыстырғанда 2,7 пайызға өскен. Бүгінде ауылды жерлерге барған жастардың барлығы қызыметке тұрып жатыр деген шындыққа жанаспайды. Мысалы, бір маманның орнына бірнешеуі барып, іріктеуден өткені ғана ауылдың гүлденуіне қолғабыс қылады. Ал, араларында екі қолға бір күрек таба алмай жүргендері де жоқ емес. Қала өңірінде бағдарлама аясында ауылға барғысы келген ниетті жас мамандар көп болғанымен, пайда жоқ. Өйткені, ауылды жерлерде жұмыс орындар санаулы ғана. Барғандардың барлығын қамту мүмкін емес. Бағдарлама бойынша жиналған түйіндемелер тек тамыз айында ғана сұраныс жіберіп отырған мекемелерге жіберіледі екен. Қалған таңдау мекеме басшыларының құзырында қалады. Егерде қалаға қарасты елді-мекендерден жас маман өз қызыметін тауып жатса, ол мемілекет тарапынан қолдаусыз қалмайды. Қазіргі таңда ауылды жерлерде ағылшын, физика, математика мамандықтары бар ұстаздар тапшы. Мұндай мамандықты бітіргендер қала мектептерінің өзіненде аспайтын көрінеді. Сондықтан аталмыш саладағы мамандар ауыл жаққа ат басын бұра бермейді. Бұл, өзге тіл мен есеп-қисаптың жілігін шағып майын ішкен мамандарға елімізде сұраныс жоғары екенінің айқын көрінісі. Ал, биылғы жылы түрлі мамандық бойынша 568 жас кадр ауылды жерлерге баруға ниет білдірген. Олардың басым бөлігі медицина саласын тәмәндағандар болып отыр. Оларға мемлекеттік бюджеттен алғаш берілетін 100 мыңнан астам жәрдемақы қайтарымсыз. Сондай-ақ, ауылды жерге табан тіреген жастар 3 жылдық келісімшартқа отырады. Алайда, баспанамен қамтамасыз етілу мәселесіде мемілекет назарынан тысқары емес. Күн тәртібінде тұрған баспана мәселесінің күрмеуін шешу үшін жас кадрларға мемілекет тарапынан 900 000 теңгеден астам несие 0,01 пайызбен беріледі. Аудандарда үй мәселесі қымбат болған жағдайда төмен пайызбен 3 милионды алуға құқылы. Егерде шағын бизнес ашып, кәсібімнің нәсібін көрем деген жағдайда 15 жылға дейін келісім-шарт жасап, үкіметтен алған несиесі аяқталғанша ауылда жүруіне тура келеді. Былтырғы жылы қалаға жақын елді менендерге барған жас манадардың, жас отандықтар бастарын қосып дөңгелек үстел өткізген. Бас қосу ауылды жерлердегі бағдарлама аясындағы күрделі мәселелерді білу мақсатында ұйымдастырылған. Алайда, жас мамандардың айтуы бойынша, шешімін таппаған мәселе жоқ, барлығы рет-ретімен шешіліп қойған деп дөңгелек үстелден тарқасқан.

Ұлан НҰРАХМЕТОВ 

http://arnapress.kz/student/4834

Просмотров: 6350 | Добавил: хакер_м | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: