Понедельник, 23.06.2025, 08:30 
Главная Регистрация RSS

Приветствую Вас, Гость
Наш опрос
В какой молодежной организации КДМ-а вы состоите?
Всего ответов: 91
Хабарландыру
Социальные сети
Форма входа
Music
Статистика

Онлайн всего: 8
Гостей: 8
Пользователей: 0
Информационная стр
Поиск
Организации входящие в состав КДМ
Онлайн переводчик
Видео
Календарь
«  Октябрь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031
ПЕРЕХОДЫ
Главная » 2012 » Октябрь » 17 » Аймақ басшысы жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті
14:09
Аймақ басшысы жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті


Ағымдағы айдың 16-жұлдызында Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінде ШҚО әкімі Б.Сапарбаев "Болашақ бүгіннен басталады” атты облыстық жастар ұйымдарының көшбасшыларымен кездесті. Аймақ басшысымен болған келелі кездесу университет қабырғасындағы белсенді ұйым «Жас Отан» жастар қанаты ұйымдастыруымен өтіп, оған Семей қаласының әкімі Айбек Кәрімов қатысты, деп хабарлайды ЖОО-нан.

Бір сағат көлемінде өткен кездесуде ұйым көшбасшылары өз ұйымдары жайлы қысқаша баяндады. Облыс әкімі Елбасының жастарға үлкен сенім артып отырғанын айта келіп, жастарға алдағы атқаратын міндеттерді атап өтті. Сонымен қатар, жастар көкейлерінде жүрген сауалдары мен ұсыныстарын облыс әкіміне қойып, көңілге қонымды жауаптар алды. Жастардың көкейіндегі сұрақтардың көптігі сонша, облыс әкіміне осындай маңызды кездесулерді жиі өткізуді ұсынды.

Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев әр сұраққа тиянақты жауап бере отырып, ұлылар мекені атанған шежірелі Семей қаласының өрелі жастарының белсенділігіне өз ризашылығын білдірді. Кездесу соңында облыс әкімі жалынды жастарға ақ жол тілеп, ізгі тілегін жеткізді.


http://arnapress.kz/student/15425

Просмотров: 517 | Добавил: хакер_м | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: